Екібастұз, Мәшһүр Жүсіп, 23
Бізбен байланысу+7 (7187) 75-43-50

ДУАЛДЫ
ОҚЫТУ

Мұрағаттық сурет
Дуальді оқыту жүйесі мамандарды оқыту бойынша білім беру және өндірістік салалардың келісілген өзара іс-қимылына негізделген мақсатты кәсіптік даярлықты ұйымдастырудың инновациялық үлгісі болып табылады. Дуальды жүйенің ерекшелігі-оқыту негізінен оқу орнында емес, кәсіпорында жүргізіледі. Дуальді жүйе оған қатысушы барлық тараптардың – колледждің, білім алушының, кәсіпорындардың мүдделеріне жауап береді. Кәсіпорын үшін дуалды жүйе кадрларды дайындауға, қызметкерлерді іздеу және іріктеу бойынша шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді. Студенттер үшін дуальді оқыту-дербестікті ерте алуға және ересек өмірге бейімделуге жақсы мүмкіндік. Дуалды оқыту жүйесінде студенттер колледжде алатын теориялар мен өндіріс және еңбек нарығы талаптары арасындағы алшақтық болмауы тиіс, жұмыс берушілер талап етілетін мамандарды даярлау сапасын басқаруға және бағалауға нақты қатысуға мүмкіндік алады, ал колледж өндірістің қажеттілігіне дер кезінде жауап беруі тиіс.
Осыған байланысты "ИнЕУ жоғары колледжі" ЖШС дуальды оқытуды жүзеге асыру шеңберінде келесі бағыттарда жұмыс істейді:
- дуалды оқуға шығарылатын теориялық сағаттарды бөле отырып, мамандықтар бойынша оқу жоспарларын әзірлеу;
- практиканың барлық түрлерін көрсете отырып, оқу процесінің кестесін құру;
- дуальді оқытуды ұйымдастыру және өткізу бойынша ірі кәсіпорындармен келісім-шарт жасау;
- мамандықтар бойынша дуалды оқыту бағдарламасын әзірлеу.
Қазіргі таңда 262 студент дуальды түрде білім алуда.

Дуальді оқытуды ұйымдастыру туралы ереже

толығырақ
← Бөлімдерге оралуКолледжбен байланысу ↗
Мұрағаттық материал

Колледжден нақтылайық

Материалдың атауы сақталған, бірақ сайттың бастапқы көшірмесінде оның мекенжайы көрсетілмеген. Құжатты немесе нұсқаулықты колледж қызметкерлерінен сұрай аласыз.

Колледжбен байланысу

Бұл мұрағаттық файл қолжетімсіз

Құжаттың бар-жоғын колледжден нақтылауға болады. Түпнұсқа материалға сілтеме сақталған.

Байланыс