BABY SKILLS-2024

Ағымдағы жылдың 5 сәуірде «Инновациялық Еуразия Университетінің Жоғары Екібастұз Колледж» ЖШС жетекшілігімен Павлодар облысының білім беру басқармасы, Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің «N 23 мектепке дейінгі гимназия» КМҚК базасында Екібастұз қаласының мемлекеттік тілде оқытатын мектепке дейінгі мекемелерінің тәрбиеленушілері арасында дәстүрлі түрде «BABY SKILLS-2024» балалар чемпионаты өтті.
Байқауда «Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреттілігі бойынша 8 тәрбиенішілер қатысты. Чемпионатқа №23, №5, №12, №14, №16, №26, №27, №28 қала балабақшаларының бүлдіршіндері     қатысты.
Мектеп жасына дейінгі балалар білік-дағдыларын келесі модульдерде көрсете білді: Жас сәулетші, Ұлағатты ұстаз, Жол мүсінші, Жас журналист, Жас дизайнер.  Байқау сынақтары балабақша тәрбиешілері мен келген қонақтардың үлкен қолдауымен өте қызықты өтті. Чемпионат қорытындысы бойынша сарапшылар жеңімпаздарды анықтап, дипломдар мен бағалы сыйлықтармен     марапаттады:  
Захан Гүлнұр – гран-при, жетекшісі Туралимова К.Ш, №16 сәбилер бақшасы;
Несіпбек Айдын – 1 орын, жетекшісі Копишева Ж.М, №28 сәбилер бақшасы;
Әбілдабек Рауда – 2 орын, жетекшісі Досова Р.Е., №12 сәбилер бақшасы;
Зайыркелді Ерұлан – 3 орын, жетекшісі Кыздарбекова Д.Д., №23 мектепке дейінгі гимназия;
“BABY SKILLS” чемпионатының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Әрбір қатысушы үшін бұл чемпионат болашақ мамандықты таңдаудағы алғашқы кезеңі болады деп ойлаймыз!