Директор блогы

Блогыма қош келдіңіз!

Құрметті ИнЕУ Жоғары Екібастұз Колледжі сайтына кірушілер!

Инновациялық Еуразия университеті Жоғары Екібастұз колледжінің қызметіне қатысты мәселелерді талқылауға қуанышты боламын. Әр кіріп қараушының өз пікірлерін қалтыру, сұрақтарын қою, ұсыныстарын енгізу мүмкіндіктері бар.

Сындарлы жұмыс пен қарым-қатынас үшін және Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 26 желтоқсандағы «Азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау» заңы негізінде «Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірген, көпшілік алдында сөз сөйлеуде немесе бұқаралық ақпарат құралдарында, оның рұқсатысыз, жеке және отбасы құпиясын құрайтын, жеке өмірі туралы мәліметтерді таратуға тыйым салынатынын» Сізге ескертемін.

ҚР заңнамасына қайшы келетін немесе оны бұзуға шақыратын тақырыптарды, нәсіл, ұлттық, жек көрушілікті және араздықты оятатын үгіттеу немесе насихаттау сөздерді, былапыт сөздерді қамтитын анонимдік сөздер мен хабарламалар қарастырылмайды.

Жоғарыда аталған талаптарды сақтағанда біздің тілдесуіміз өзара тиімді болады.

ИнЕУ Жоғары Екібастұз колледжінің директоры
Спанкулова Бакыт Ахметбековна

 

СҰРАҚ ҚОЮ
5 1 голос
Рейтинг статьи
Подписаться
Уведомить о
guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии