Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде ИНЕУ жоғары Екібастұз колледжінде «Студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында инновациялық технологиялар мен оқыту әдістерін қолдану» тақырыбында халықаралық деңгейдегі әдістемелік семинар өтті. Семинардың мақсаты: кәсіби қызметте оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерін қолдану бойынша педагогтердің озық тәжірибелерін тарату; ғылым мен білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайту.
Ынтымақтастық туралы меморандум аясында аталған семинарға әлеуметтік серіктестеріміз
Барнауыл қаласындағы «Алтай мемлекеттік университетінің» оқытушылары мен Екібастұз қаласының «№ 35 мектеп-гимназиясы» КММ педагогтары қатысты.
Педагогтар инновациялық озық технологиялар мен оқыту әдістерін дамытуда кәсіби тәжірибелерімен алмасты. Семинар жұмысы сындарлы диалогта өтті, өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылардың пікірі мен ұсыныстары тыңдалды.