Тағылымдама

 Ағымдағы жылдың 6-24 қараша аралығында колледждің сегіз оқытушысы Екібастұз қаласының «№ 33 ЖОББМ» КММ,  «№ 26 мектеп-гимназиясы» КММ, «№3 санаториялық бөбекжайы» КМҚК, «№ 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ, «Екібастұз тарихи-өлкетану мұражайы» МКҚК және «Railways Systems KZ» ЖШС   сияқты кәсіпорындары мен ұйымдарының базасында тағылымдамадан өтті.

         Тағылымдама колледж педагогтерінің біліктілігін арттырудың бір бөлігі болып табылады, оның мақсаты кәсіптік құзыреттіліктерді қалыптастыру және дамыту, оқыту мен оқудың сапасын арттыру және білікті мамандарды даярлау жөніндегі міндеттерді орындау үшін бұрын алған кәсіби білімдерін, білік, дағдыларын кеңейту, тереңдету және жетілдіру.

      Оқытушылар оқытудың бұл форматы жұмыс берушілердің колледж түлектеріне қойылатын талаптарымен жақсырақ танысуға және жұмыс берушілердің сұраныстары негізінде оқыту бағдарламалары мен әдістерін қайта қарауға мүмкіндік бергенін атап өтті.  Біздің педагогтарға тағылымдамадан өтуге мүмкіндік бергені үшін кәсіпорындар мен ұйымдар базаларының басшылығына зор алғысымызды білдіреміз! Бұдан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз!