Білім беру жүйесін трансформациялаудың қазіргі жағдайында жаңа формациядағы педагогке қойылатын талаптар өзгеруде, ол жалпы мәдени және кәсіби құзыреттерден басқа, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы құзыреттерге ие болуы керек.
2023 жылдың 19 қазанында оқытушыларға арналған “IUstaz” практикалық үйірменің жұмыс жоспары аясында “LearningApps.org конструктордың көмегімен интерактивті тапсырмаларды әзірлеу” атты тақырыбында оқытушы, үйірме жетекшісі Р.И.Жалмагамбетов оқыту практикум өткізді. «LearningApps.org» интерактивті тапсырмалар құрастырушысы интерактивті модульдер, жаттығулар арқылы оқыту процесін қолдауға арналған. Сонымен бірге оқытушыда студентте дайын шаблондарды пайдаланып, интерактивті модульдер жасай алады. Осы қызметтің арқасында жасалатын интерактивті тапсырмалардың негізгі идеясы – студенттер белгілі бір оқу пәніне деген танымдық қызығушылығын қалыптастыруға ықпал ететін білімдерін ойын түрінде тексеріп, бекіте алады. Оқыту әдістемесінің мысалдарымен әртүрлі тапсырмаларды құрастыру мүмкіндігі ұсынылды. Оқытушыларға интерактивті сервистің мүмкіндіктері көрсетілді