2023 жылдың 23 қараша күні «№14 сәбилер бақшасында» қалалық семинар-практикумы өтті. Тақырыбы – «Мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі заманауи педагогикалық технологиялар». Мақсаты – мектепке дейінгі білім беру мекемесінің әртүрлі іс-әрекет түрлерінде заманауи білім беру технологияларын қолдану арқылы педагогикалық процесті жетілдіру
Семинарға колледжіміздің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының жоғары курс студенттері және арнайы пән оқытушылары ат салысты. Семинар мекеме басшысы Каримова Б.Ш.-ның сөзімен ашылды, кейін әдіскер Байтокина М.Ж. семинардың жоспарымен таныстырды. Семинарда тәрбиешілер Аскарова С.Е., Абдыкаримова К.К., Амантаева Г.З. ұйымдастырылған іс-әрекеттерде өз шеберліктерін көрсетті. Әдіскер Тасбаева М. студенттерге шеберлік сағатын өткізді. Семинарда қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымда қолданылатын жаңа технологиялар мен әдістер көрсетіліп, мектепке дейінгі балалардың тілдік, сенсорлық, шығармашылық дағдылары ортаға салынды. Студенттер семинардан жақсы әсер алды. ИнЕУЖЕК әкімшілігі өз кезегінде балабақшаның басшылығы мен тәрбиешілеріне семинар-практикумды ұйымдастырған үшін алғыс хат және сертификаттар табыстады. ИнЕУЖЕК пен «14 сәбилер бақшасы» арасындағы ынтымақтастық жұмыс осымен тоқталмай, өз жалғасын табатынына сенім білдіреміз.