Ағымдағы жылдың 15 қарашасында «ИнЕУ Екібастұз Жоғары Колледжі» ЖШС-де «Колледждегі оқыту: басымдықтары мен жақсарту стратегиялары» тақырыбында әдістемелік семинар ұйымдастырылды.
Семинардың бірінші бөлімінде колледж әдіскері Л.Б. Рашиева ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс істеу ерекшеліктерін түсіндіріп, сондай студенттерге қолдау көрсету бойынша оқытушыларға психологиялық-педагогикалық ұсыныстар берді.
Семинардың екінші бөлімінде жалпы білім беретін пән оқытушылары Б.М. Сагиндикова және М.Хурметқан біліктілікті арттыру курстарынан алған тәжірибелік білімдерімен бөлісті. Біліктілікті арттыру курс бағдарламасы пәндер мазмұнындағы негізгі тақырыптарды қарауға, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша тәжірибеде қолданылатын әдістерді және инклюзивті білім беруді іске асыру бойынша тиімді тәсілдерді күшейтуге бағытталған. Аталмыш курс бағдарламасының мазмұны мен тиімділігін атап кеткіміз келеді.