ИнЕУ өкілдерімен кездесу

          2023 жылы 20 қазанда ғылыми-білім беру консорциумының қызметі аясында Инновациялық Еуразия университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы ИнЕУ жоғары Екібастұз колледжінің бітіруші топ студенттері мен педагогтері үшін оқыту профиліндегі өзекті тақырыптар бойынша тәжірибеге бағытталған  шеберлік сағаттарын, көпшілікке арналған дәрістер мен сұхбаттарын өткізді.

            Каирбекова Б.Д., педагогика ғылымдарының докторы, “Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар” кафедрасының меңгерушісі “Бастауыш білім беру”, “Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту”, “Дене тәрбиесі және спорт” мамандықтарының педагогтары мен студенттеріне инновациялық педагогикалық технологиялар, оқыту әдіс-тәсілдері бойынша шеберлік сағатын өткізді.

            Иксатова С.Т.,  заң ғылымдарының докторы, “Құқық” кафедрасының меңгерушісі “Құқықтану” мамандығының студенттеріне Қазақстан Республикасындағы заңнама мен құқық қолдану тәжірибесінің  өзекті мәселелері бойынша көпшілік дәріс өткізді.

         Қалиаскарова А. Ж., экономика ғылымдарының магистрі, “Бизнес және басқару” кафедрасының аға оқытушысы “Банк және сақтандыру ісі”, “Есеп және аудит” мамандықтарының студенттеріне экономиканы басқарудағы заманауи әдістер, заманауи төлем жүйелері мен  депозиттік операциялар туралы көпшілік дәріс өткізді

         Бұл кездесу колледж студенттері мен педагогтарына ашық диалог форматында оқыту мен білім берудің өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді, сондай-ақ Инновациялық Еуразия университетінің профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері Инновациялық Еуразия университетінде оқуды жалғастырудың артықшылықтары туралы айтып берді.