«Үздік циклдік әдістемелік комиссия» конкурсы

            Ағымдағы жылдың 24 мамырында «Инновациялық Еуразия университеті» ғылыми-білім беру консорциумының бірлескен қызмет жоспары шеңберінде «Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі» КМҚК базасында алғаш рет  «ИнЕУ жоғары Екібастұз колледжі» ЖШС, Павлодар қаласының «ИнЕУ жоғары колледжі» ЖШС және «Қ. Пішенбаев атындағы  Екібастұз тау-кен техникалық колледжі» КМҚК колледждері арасында «Үздік циклдық әдістемелік комиссия» конкурсы өтті,

Конкурс мақсаты: педагогтердің ғылыми, әдістемелік және шығармашылық әлеуетін арттыру, инновациялық дамуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау, колледждің циклдік комиссиялары деңгейінде әдістемелік жұмыс тәжірибесін зерделеу және тарату.

Байқауға келесі тапсырмалар кірді: ЦӘК визит карточкасы, ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары және әдістемелік өнімдер көрмесі.  

    Қазылар алқасының құрамына оқу орнының өкілдері, сондай-ақ білім беру саласындағы әлеуметтік серіктестер мен жұмыс берушілер кірді.

            Қазылар алқасы мүшелерінің шешімі бойынша I дәрежелі дипломға

«Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі» КМҚК педагогтары ие болды. «ИнЕУ жоғары Екібастұз колледжі» ЖШС II дәрежелі дипломы және Павлодар қаласының «ИнЕУ жоғары колледжі» ЖШС III дәрежелі дипломы, сондай-ақ «Новаторы», «Лидеры идей» және «Профессионалы» сияқты түрлі номинациялар берілді.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз, барлық педагогтерге  қатысқандары үшін алғыс білдіреміз.    Баршаңызға сәттілік және де кәсіби, шығармашылық табыс тілейміз!