2023 жылғы 20 ақпанда «Информатика, Ақпарат және энергетика» циклдік әдістемелік комиссиясының апталығы аясында ВТиПО-429 және СиБ-221 тобының студенттері арасында «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» құзыреттілігі бойынша «WorldskillsVEKInEU-2023» кәсіби шеберлік байқауының колледжішілік іріктеу туры өткізілді.
Конкурстың мақсаты: жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, осы құзырет бойынша үздік студенттерді анықтау.
Байқау барысында «WorldskillsPavlodar-2023» Өңірлік кәсіби шеберлік байқауының қатысушылары анықталды. Павлодар облысы білім басқармасының бұйрығына сәйкес «Инновациялық Еуразия университетінің Жоғары Екібастұз колледжі» ЖШС «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» құзыреті бойынша «WorldskillsPavlodar-2023» өңірлік кәсіби шеберлік конкурсын өткізу базасы болып табылады.
Байқау барысында қатысушылар ақпараттық технологиялар саласындағы терең теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті. Колледждің үздік студенттері-еліміздің болашағының негізі. Сіздерге одан әрі сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!

Жауапты оқытушылар: Хамитова Л.Е., Хуанган А., Князев А