2023 жылдың 31 наурыз күні әлеуметтік серіктестікті нығайту мақсатында «Инновациялық Еуразия Университетінің Жоғары Екібастұз Колледжі»  ЖШС және Екібастұз қаласының «№23 мектепке дейінгі гимназия» КМҚК «BABY SKILLS-2023» чемпионатын өткізді. Чемпионаттың мақсаты: кәсіптер туралы ерте түсініктерді қалыптастыру, мектеп жасына дейінгі балалар үшін олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, білімін жан-жақты бағалау; -кішкентай балаларды еңбекқорлыққа, дәлдікке және басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу. «BABY SKILLS-2023» турнирінде бірнеше модуль қамтылды: «Жас  сәулетші», «Мейірімді дәрігер», «Жас  мүсінші», «Жас  журналистер». Чемпионат барысында болашақ қолөнершілер сұранысқа ие инженер-құрылысшы, сәулетші, дизайнер, дәрігер, журналист мамандықтарының негіздерімен танысты.

Тәлімгер-студенттер жетекшілігімен бүлдіршіндер Lego-Конструкторлармен берілген уақытта үйдің бейнесін жинап шықты. Дәрігерге байланысты құралдарды таңдап, осы мамандық бойынша өз  білімдерін айқындады. Балалар мүсіндерді әзірлеу, ұсынылған карточкалар бойынша мамандық туралы әңгімелеу қабілеттерін көрсете білді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер лайықты марапаттарға ие болды, ал оқытушылар  мен болашақ  тәрбиешілер кәсіптік бағдар беру жұмысында

жаңа тәжірибе алды.

«BABY SKILLS» – бұл әр мектеп жасына дейінгі балаға әр түрлі құзыреттіліктерде бағын сынап көруге мүмкіндік беретін қызықты интерактивті жоба. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін бұл жоба ерте кәсіби бағдар және болашақ мамандықты таңдау болып табылады.

Колледждің әлеуметтік серіктестіктерімен байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылған іс-шара жоғары деңгейде өтті.  Әлеуметтік серіктестік – сапалы маман даярлаудың қозғаушы күші деп толықтай айтуға болады.