Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы БҒМ-нің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 Бұйрығына енгізілген негізгі өзгерістерді түсіндіру мақсатында ағымдағы жылдың 27 қаңтарында колледж оқытушылары үшін «2023 жылы педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережелері» тақырыбында семинар өткізілді.

Колледж әдіскері Л.Б. Рашиева  ТжКБ ұйымдарының педагогтері үшін өзекті болып табылатын «Ережелердің» негізгі өзгерістері туралы айтып берді. Педагогты аттестаттау кезеңдері түсіндірілді: біліктілікті бағалау, содан кейін қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау (портфолио сараптамасы) және педагогтердің білімін бағалау.