Ағымдағы жылдың 24 қарашасында «Инновациялық Еуразия Университетінің Жоғары Екібастұз Колледжі» ЖШС-де “Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту жолдары” атты қалалық практикалық семинар өтті.

“Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту” білім беру бағдарламасының сапасын қамтамасыз ету, студенттерді кәсіби даярлау, және дуалді оқытуды  іске асыру шеңберінде колледждің әлеуметтік әріптестері  Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің “№ 23 мектепке дейінгі гимназия” КМҚК  педагогтары осы практикалық семинарды өткізді.  Семинарда  тәрбиешілер өздерінің практикалық тәжірибесімен бөлісті. Іс-шараға “Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту” мамандығының 2 және 3 курс студенттері қатысты. Барлық қатысушылар семинар-практикумның тәжірибелік маңыздылығын атап өтті.