2022 жылдың 10-наурыз күні  «Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз колледжі» ЖШС ұйымдастыруымен, «№ 23 мектепке дейінгі гимназия» КМҚК базасында қалалық балабақша бүлдіршіндері арасында  «BABYSKILLS-2022» сайысы өткізілді.

         Біздің Екібастұз қаласында WorldSkillsPavlodar облыстық байқауы аясында «BABYSKILLS» балалар байқауы алғаш рет өтті.

         «BABY SKILLS» – балалардың кәсіби шеберлігін дамыту, мектеп жасына дейінгі балаларға әртүрлі кәсіптер мен қызмет салаларындағы бастапқы дағдылардың берілуі.

Сайыстың мақсаты: мамандық түрлері туралы ерте түсініктерді қалыптастыру, мектеп жасына дейінгі балалар үшін олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, білімін жан-жақты бағалау. Сайысқа мемлекеттік тілде оқытатын балабақшалардан бүлдіршіндер қатысты.

Байқау құрылымы 4 модульден тұрды: «Жас құрылысшы»- балаларға құрылысшы мамандығы туралы түсінік беру, «Кішкентай аспаз»- балалардың сүйікті тағамдарын дайындауға үйрету, «Нағыз өнер-қолөнер» ұлттық қолөнер элементін дағдыландыру және де «Мамандықтың бәрі жақсы», яғни мамандықтардың түрлеріне байланысты қарапайым түсініктер қалыптастыру бойынша кезеңдерді қамтыды.

         Бірлескен серіктестік нәтижесінде қалалық сайыс жоғары деңгейде өтті. Сайыс қорытындысы бойынша 1- орынға Муритов Санжар (№ 23 мектепке дейінгі гимназия қатысушысы), 2-орынға Төлеухан Аруна (№ 16 бөбектер бақшасының қатысушысы), 3- орынға Ербол Азимхан (№12 бөбектер бақшасының қатысушысы) ие болды. Сондай-ақ қатысушылармыз: Сейтқали Малика, Пинчук Дарьяна (№5 бөбектер бақшасының қатысушысы), Алиасқарова Фариза (№ 16 бөбектер бақшасының қатысушысы), Төрехан Жансұлу (№ 23 мектепке дейінгі гимназия қатысушысы), Амирбекова Фарида (№12 бөбектер бақшасының қатысушысы) номинациялармен және сыйлықтармен марапатталды.

         Атаулы іс-шараға әділқазы алқалары  Ж.Хамзабаева – Павлодар облысы Білім басқармасы, Екібастұз қаласы білім бөлімінің мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру секторының бас маманы, Л. Хамитова «ИнЕУ Екібастұз колледжі» ЖШС директордың өндірістік оқыту бойынша орынбасары және Б.Спанкулова – «ИнЕУ Екібастұз колледжі» ЖШС директордың  оқу ісі жөніндегі орынбасары  төрелік етті.

         Қалалық бүлдіршіндер «BABYSKILLS» сайысы жыл сайын жалғасын табады деген сенімдеміз.