Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 

Жаңалықтар

Кереку мақтанышы


 

13.01.2014





Орталық кітапхананың оқу залында өлкетанушы, тарихшы журналис, Екібастұз туралы бірнеше кітаптардың авторы Серік Имантайұлы Жақсыбаевпен кездесу кеші өтті. Кешке колледж студенттерінен П-312, П-113, ИЯ-123 топтарының 22 студенті қатысты! С.Жақсыбаевтың өмір жолдарынан слаид-шоу көрсетілді. Әр жылдары басылып шыққан кітаптарына шолу жасалды. Кештің қонақтары: С.Жақсыбаев, жұбайы Шолпан апай, жолдасы Сыздыков Манат қатысты. Кеш соңында сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.






Ғылыми-практикалық конференция





2014 жылы 1 наурызда Павлодар Инновациялықкөп бейінді колледжінде «Тенденции и перспективы развития современного образования, экономики и права» атты VII облыстық колледждер арасындағы ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл конференцияға біздің колледжден келесі студенттер қатысты: Глотова Надежда (ДВ-222 тобы), Амантай Алишер (П-123 тобы - ғылыми жетекшісі Авдиенко Л. С., Мухамедиярова А. (Ф-223 тобы) -ғылыми жетекшісі Досхожаева А. Ж., Нуркина Д. (Ф-123 тобы) -ғылыми жетекшісі Нұрғалиева К. К., Гайзакова К. (Ф-223) - ғылыми жетекшісі Агасьянц С. Х. Конференцияға ИнЕУЕК студенттері мен оқытушылары белсенді қатысқаны үшін Павлодар Инновациялықкөп бейінді колледж директорыА. С. Алиевадан колледж директоры Қ.Н. Қаржасовқа алғыс хат жіберілді. Ғылыми-зерттеу жұмысында шығармашылық табыс тілейміз!
«Жүзі біреуге» интеллектуалды ойыны
14.01.2014 күні технико-энергетикалық пєндер апталығы шегінде «Информатика» пәні бойынша сайысты ойын түріндегі «Жүзі біреуге» сыныптан тыс шара өткізілді. Ойын ойнаған команда ИЯ-123 тобы студенттері, көрермендер ретінде ЭСиП-321 тобы студенттері, оқытушы Типанова Н.К., ЦӘК төрайымы Комисаренко Л.Г. шақырылды. Пайларды есептеу ЭСиП-321 студенті – Качура Светланаға тапсырылды. Жарыс Үрдісінде ИЯ-123 тобы студенттері жолдастық қасиеттерін, зер сала білу, шектеулі уақыт ішінде дұрыс жауап бере алу, көштерін сақтай білу қасиеттерін көрсете алды. Шараны оқытушы Барлыбаева Г.А. ұйымдастырды.
Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз колледжінде Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасы бойынша «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа жолдауына талдау педагогикалық ұжымда 23 қаңтарда, студент жастар арасында 24 қаңтарда өткізілді.







. Тәуелсіз елдің мәңгілік ел болып тарих сахнасында қалыптасуы үшін, аузымен құс тістеген алпауыт мемлекеттермен иық тірестіріп тұру ұшін, әлемдік картадан ойып тұрып орын алу үшін Қазақстан Республикасының президентінің Халқына Жолдауын бір адамдай талдап, оған үлес қосу біздің парызымыз.





. «Хан біреу болуы керек, қалғаны тіреу болуы керек» деген қазақта дана сөз бар. Ел болып, Елбасын қолдамасақ, жастарымызға жігер бермесек, елдігімізден келер пайда бар ма? Біз Елбасымен біргеміз!

Ана тілім – асыл қазынам. ИнЕУЕК кітапханасында «Ана тілім – асыл қазынам» атты кітап көрмесі өтті. Оған МдТ – 113, ББ – 113 топтары қатысты.

Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет.

 

Қазақстан Республикасы Кеңестік Одақтың құрамында болған кезде Ауған соғысына аттанып, өрімдей жас жауынгерлеріміз бейбіт күні қан майданға қатысқанын баршамыз тарихтан оқып, Қазақстандық батырларымыздың ерлігіне сүйсініп, өміріне күйініп қараған кезіміз аз болған жоқ. Өз Отанынан жыраққа аттанған Қазақстан азаматтарының ішінде Екібастұз өңірінен үш азаматтың майдан тылында жан тәсілім еткені ата-анасы мен ағайын-туысына ғана емес осы өңірдің барша азаматтарының қабырғасын қайыстырғаны айдан анық еді.
    Елдің тәуелсіздігі қарсаңында Кеңес армиясы Ауған жерінен шығарылып, өз отандастарымыз елімізге оралды. Ауған соғынан шығарылғанына 25 жыл толуына байланысты Екібастұз қаласының әкімшілігінің ұйымдастыруымен митинг өткізілді. Қала әкімі, Ауған соғысының ардагерлерімен қатар жоғарғы оқу орындарының студенттері батырларымыздың аты жазылған ескерткіш тақтасына гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен соғыста қаза тапқан қандастарымызды еске алды.
    Осындай атаулы іс-шараға Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз колледжінен 25 студент те қатысып, батырларымыздың ерлігіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.
    Егеменді, тәуелсіз елімізде асапнымыз ашық болып, бейбіт күнде қыранымыз ғана шалықтап ұшатын күн ешқашан кетпесін деп тіледік. Бұл бейбітшіліктің белгісі.  

Page 10 of 10


« Қыркүйек 2021 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қазір 589 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

 

 





 

 
 



Яндекс.Метрика
 


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Министерство образования и науки Республики Казахстан Сайт акимата Павлодарской области Государственный партал Управления образования Павлодарской области Послание Президента РК Н.Назарбаева. СТРАТЕГИЯ «Казахстан-2050» Государственные символы
 
© 2017 ИнЕУЕК. Барлық құқықтары қорғалған.

141200, Қазақстан Республикасы, Екібастұз.к, Мәшһүр Жүсіп.көш, 23, +7(7187) 75-44-74, email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #eef11045 #140114115211