Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды

  28-29 қазанда жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барып, «Ауыл — ел бесігі» жобасының іске асырылу барысымен таныстым. Сапар барысында бірнеше елді-мекенде болдым. Әрине, мен үшін ауыл мектептеріне бару өте маңызды. Мәртөк ауданының Хлебодаровка ауылдық мектебінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен таныстым. Сондай-ақ Петропавловка және Ақжар ауылдарындағы мектептерге барып, мұғалімдермен кездестім. Әріптестерімізбен бірінші тоқсанның қорытындысы туралы …

АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN 2021» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫН БАСТАП БЕРДІ

Елімізде «WorldSkills Kazakhstan 2021» VI Республикалық чемпионаты басталды. Чемпионаттың ресми ашылу салтанаты Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен өтті. «Құрметті әріптестер, Ұлттық чемпионатқа қатысушылар! Баршаңызды чемпионаттың басталуымен құттықтаймын. Бірнеше жыл бұрын біз WorldsSkills әлемдік қозғалысына қосылып, 50-орында тұрақтаған едік. Қазірдің өзінде біз әлемдік рейтингтегі позициямызды едәуір күшейтіп, 14-ші орынға ие болып отырмыз. Бұл айтарлықтай жетістік, бірақ …

ҚР Білім және ғылым министрі “Ұлық Ұлыс-Алтын Орда” халықаралық конференциясына қатысты

28 қазан Атырауда «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Жиын барысында көптеген мазмұнды баяндама жасалды. Ғалымдар Алтын Орданы зерттеудің кеңестік парадигмасы ескіргенін, соңғы жылдары Алтын Орда тарихын зерттеуде нақты серпіліс болғанын айтты. Сәйкесінше, Алтын Орда тарихы жайлы көптеген тезистер қайта қаралды. Халықаралық конференция Алтын Орда, сонымен бірге Қазақ хандығының тарихын зерттеуге деген …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ШЕТЕЛДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ОРТАЛЫҚТАРЫН АШЫП ЖАТЫР

Қазақстандық жоғары оқу орындары шетелде қазақ тілін оқыту орталықтарын ашып жатыр. Олар қазірдің өзінде Түркия, Иран, Польша, Оңтүстік Корея, Беларусь, Қытай және Өзбекстан сияқты елдерде жұмыс істейді. Шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық аясында осындай тіл орталықтарының жұмыс істеуі шетелдік студенттердің қазақ тілін оқып, қазақ халқының мәдениеті мен тарихымен танысуына арналған. Мысалы, Беларусь ұлттық техникалық университетінде …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА 300-ДЕН АСТАМ ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ЕНГІЗІЛДІ

Оқу жылының басынан бері қазақстандық жоғары оқу орындарында 300-ден астам жаңа білім беру бағдарламасы енгізілді. Олар еңбек нарығындағы заманауи сұраныстар мен жұмыс берушілердің мамандарға қоятын талаптарына сәйкес бейімделіп әзірленген. Жаңа оқу бағдарламалары бойынша болашақ инженерлерді, құрылысшылар мен педагогтерді, менеджерлерді, экономистер мен заңгерлерді және басқа да мамандарды оқытады. Мәселен, «Ядролық медицина», «Smart City технологиялары», «Математикалық экономика, …