Колледждің психологиялық қызметі
Ата-аналарға кеңестер, психикалық денсаулық
«Психология әлемі» студенттерге арналған үйірме
Пайдалы психологиялық сайттар

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

Психология – адамның ішкі жан дүниесін, оның психикалық жағдайын, мінез-құлқын, өз-өзімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын және т.б. зерттейтін ғылым саласы. Психология адамның бейсанасын, және адам бас миының әртүрлі жағдайда қалай әрекет ететінін зерттейді. Психологияны екі бөлімге бөліп қарастыруға болады: фундаменталды және қолданбалы. Фундаменталды психологияның зерттейтін негізгі професстері – ол түйсік, қабылдау, қиял, ес, ойлау, сөйлеу және т.б. Сонымен қатар, фундаменталды психология психикалық күйлер мен психикалық қалыптарды зерттейді. Қолданбалы психология деп адам мінез-құлқының практикалық мән-мағынасын зерттейтін ғылымды айтады. Егер бұл ғылымды терең зерттеп қарастыратын болсақ, онда бұл ғылым саласы құрсақ кезеңін, әлеуметтік ойлау және жалпы адамның төңірегінде болып жатқан барлық өмірлік жағдайларды қарастырады.

Психология адамның өз «Менін» анықтап, өмірде өз жолы мен өз орнын табуға мүмкіндік береді. «Өз арманын қалай іске асыруға болады?», «Қоршаған адамдармен қарым-қатынасты қалай дұрыстауға болады?», «Жаңа жағдайға қалай бейімделуге болады?», «Уайымдарды қалай жеңуге болады?» және т.с.с. сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік береді. Мұндай сұрақтарға адамға жалғыз шешім табу қиынға соғады. Сол себепті психологиялық қызмет бірнеше психологиялық әдістемелерді ұсынады:

  • тренингтер, тұлғаның потенциалының дамуына, ұжымның қалыптасуына, мақсатқа бағытталуға, жаңа жағдайға бейімделуге және т.б. бағытталған;
  • тұлғаның психодиагностикасы, нәтижесінде адам өзіне тән өмірлік қызмет бағытын анықтауға мүмкіндік алады;
  • медитациялық жаттығулар (релаксация), адам жан дүниесін тыныштандырып, күш жинауға көмектеседі;
  • «Психология әлемі» үйірмесі, студенттер психология саласында кәсіби тұрғыдан жетілуге мүмкіндік беретін қажетті практикалық білім мен дағдылар ала алады және бос уақытын тиімді ұйымдастыра алады;
  • Жеке психологиялық консультациялар, толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алуға, ішкі уайымдардың тынышталуына, қорқыныш пен үрейді жеңу бойынша кеңестер алуға  және өз ойымен бөлісуге, қиын жағдайда қолдау табуға мүмкіндік береді.

Психологиялық қызмет немен айналысады?

Психологиялық қызметтің мақсаты – жеке тұлғаның өзіндік дамуын және кәсіби өсуіне психологиялық көмек көрсету

Міндеттері:

  1. Психологиялық әдіс-тәсілдер көмегімен студенттердің психологиялық ерекшеліктерін білу;
  2. Қауіпті топта тұрған студенттерге психологиялық көмек көрсету;
  3. Психологиялық мәселелердің алдын алу.

Психологиялық қызмет саған өз-өзіңді және қоршаған ортаңды жақсы тануға, өзіңе дұрыс сұрақтар қойып, шығармашылық арқылы шеше алуға үйретеді және белсенді психологиялық қызметке ат салысуға шақырады.

Егер саған психологиялық көмек керек болса, сен психологтан  әрқашан сенім телефоны арқылы кеңес ала аласың:

+7 (705)1780967

Телефон доверия службы медико-психологической помощи при

Павлодарском областном центре психического здоровья

88000803434

Жұмыс кестесі:

Дүйсенбі-жұма: 9.00-17.00

Электронды адрес: tashimova.togzhan@mail.ru

Сенім кабинеті – №207.