2024 жылдың 6 мамырында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының студенттері арасында IX көптілді облыстық олимпиадаға қатысушыны іріктеу үшін тілдік және тілдік емес мамандықтардың 1-3 курс студенттері арасында колледжішілік көптілді олимпиада өткізілді.
Олимпиада екі турдан тұрды:
- Теориялық;
- Практикалық.
Олимпиада нәтижесі бойынша ИЯ-321 топ студенті Ведутова Софья және МДТ-113 топ студенті Шуханова Айдана IX облыстық көптілді олимпиадаға колледж атынан қатысады. Олимпиаданың барлық жүлдегерлері мен қатысушыларына диломдар мен сертификаттар берілді.