Буллинг, кибербуллинг, зорлық-зомбылықты алдын алу.

25-29 қыркүйек аралығында ИнЕУ Жоғары Екібастұз колледжінде жасөспірімдер арасындағы буллинг, кибербуллинг, зорлық-зомбылықты алдын алу бойынша тәрбие сағаттары мен әңгімелесулер өтті.

Аталмыш іс-шара өз алдыны келесі міндеттерді қойды:

  1. Буллингке қарсы тұру және студенттер арасында достық қатынасын орнату;
  2. Жасөспірімдердің жәбірлеу, буллинг, психологиялық зорлық-зомбылық сияқты ұғымдарға теріс көзқарасын қалыптастыру.

Топ жетекшілері студенттермен жұмысы барысында бірыңғай сенім телефоны туралы ақпараттан бастады. Содан кейін балаларға «Буллинг дегеніміз не, буллингтің түрлері, әлеуетті буллердің жағымсыз сипаттамалары» атты презентациялар мен фильмдер көрсетілді.