Мұзафар оқулары

         Павлодар қаласы, Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде облыс мектептерінің 10-11 сынып оқушылары мен облыс колледждерінің 1-2 курc студенттері арасында өткізілген облыстық білім –шығармашылық конкурсы «Мұзафар оқулары»  қорытындысы бойынша ИНЕУ Жоғары Екібастұз Колледжінің студенттері қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

              «Білім –қымбат қазына, қанағат тұтпа азына» бағыты бойынша ҚтӘ-113 тобының студенті Тиыштықбаева М.Н., жетекшісі  Абрарова Т.Б.         және «Талант-табиғаттан, талап-өзіңнен» бағыты бойынша  ДТ-222 тобының студенті Төлебаева Ш.М., жетекшісі Малатаева Р.Н.  ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

 «Халық-ғажап тәлімгер» бағыт қорытындысы бойынша «Алғыр бала» номинациясы АТ-212 тобының студенті Рахметова Д.А. берілді, жетекшісі А.Р. Ильяшева.

  Жүлдегерлер мен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз, шығармашылық табыстар мен жеңістер тілейміз!  Жүлдегерлердің ата –аналарына алғыс білдіреміз!