Ағымдағы жылдың 24 – ақпанында Екібастұз қаласының «№23 мектепке дейінгі гимназия» тәрбиешілерінің ұйымдастырылуымен «Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және коммуникативтік дағдыларын дамыту жолдары» тақырыбынды жас мамандар мен колледж студенттеріне арналған семинар өткізілді. Семинар барысында балалардың қызығушылықтарына сәйкес ерте жастағы балалардың ұлттық танымын дамыту, «Ақылды балақай» клубының жұмысымен таныстырып, электронды үстел үсті ойыншықтар,  Roboalem «Ірімшік іздеген тышқан»,  Learning Resources STEM  жиынтық, Танграмм, Отандық қазақ тілді «Ақылды қалам», «Ақылды қоян», «Ақылды бала» ойыншықтарының тиімділігін көрсете отырып,  өз тәжірибелерімен бөлісті.