«Оқитын колледж» тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар өткізу шеңберінде колледжде “Менің қалам Екібастұз ” атты МДТ-112 тобының қатысуымен іс-шара өтті. Олар біздің қаламыздың және облыстың тарихы туралы сұрақтарға белсене жауап бере отырып белгілі тарихи оқиғаларды, есімдерді,күндерді еске алды, туған қаласы туралы тың деректермен танысты. Студенттер атақты жерлестер туралы сұрақтарға да дұрыс жауап бере білді. Студенттер іс-шараға белсене қатысты.