28.12.22 жылы ИнЕУЖЕК кітапханасында «Майдангер ақын – Дихан Әбілев» атты әдеби-портрет кеші өткізілді. Шараның мақсаты: Дихан Әбілевтің өмір жолы мен жазушылық қызметінен, шығармашылығынан мағлұмат беру. Жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы студенттердің білімдерін жүйелеу.
Әдеби кеште студенттер ақынның Мәлік Ғабдуллинге, Мәншүк Мәметоваға, Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арнаған жырларын оқыды.
Шараның сонында, ақының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмеге библиографиялық шолу жасалынды.