“Рухани келісім күні” біздің елімізде отыз жыл бойы тойланып келеді. Ол 1992 жылдан бастап жыл сайын 18 қазанда атап өтіледі. Осы уақыт ішінде Қазақстанда қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың өзіндік моделі қалыптасып, тиімділігін бүкіл әлемде таныды.
ИнЕУ жоғары колледжінде “Рухани келісім-бірліктің негізі”диалог алаңы өтті.
Сөз сөйлегендер: М.Ж. Сағындықова-Аналар кеңесінің төрайымы В. И. Илюшенкова- “Полония” поляк ЭМБ төрайымы, Р. Я С.лободнюк – “Братство” славян ЭМБ төрайымы, А. М. Тасболатова – “Достық Үйі” КММ “Жастар” ҚБ басшысы және ИнЕУ жоғары колледжінінің белсенділері М. Абдуллин, Д. Кабюк.
Іс-шарада отбасылық дәстүрлі құндылықтарды, сондай-ақ мемлекеттің зайырлы негіздерін және дінаралық диалогты нығайту бойынша өзекті мәселелер талқыланды.