ИнЕУ Жоғарғы Екібастұз колледжінде білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Колледж директоры Қаржасов Қ. Н. студентерге сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді. Ал колледждің студенттік кеңесінің мүшелері болса шығармашылық құттықтауларын жеткізді. Салтанатты жиынның соңында студенттер сынып жетекшілерімен бірге оқу аудиториясына өтіп, «Білімге ұмтылу еңбексүйгіштік және отаншылдық» атты бірыңғай сынып сағаттарын өткізді.