2022 жылдың 11 қарашасы күні ББ-419 тобында “Байқау және бақылау” іс-тәжірибесінің қорытындысы бойынша конференциясы өтті. Конференцияда студенттер 3 жыл бойы өтілген іс-тәжірибелерінің нәтижелерін қорытындылай отырып, оны таныстырым және баяндамалармен қорғады. Конференцияға: тәжірибе өткен ұйымнан жетекші – Нуржанова Г.К. , оқу орнынан жетекші – Хамитова Л.Е. және арнайы пән мұғалімі – Аманбек Ж. қатысты. Көрермендер ретінде ББ-211 тобы қатысып, өздерін қызықтыратын сұрақтарын қоя отырды. Конференция жақсы деңгейде өтті деп бағалауға болады.