ИнЕУ Екібастұз колледжінде 23 мамыр күні “Құқықтану мамандығында өндірістік байқау практикасының қорытынды конференциясы өтті. Тақырыбы:” Екібастұз қаласының кәсіпорын ұйымдарында заң қызметін ұйымдастыру”. Конференцияға П-329 тобы қатысып, Екібастұз қ.Ә.Б кадр жұмысы және саясат бөлімінің бастығы, полиция капитаны Омаров Кенжебай Тауелович пен Екібастұз қ. әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сот кеңсе меңгерушісі Кокышева Динара Танбаевнаны конференцияға шақырды. Конференция өткізудегі басты мақсаты өндірістік практиканың қорытындысын шығарып, студенттердің құзыреттік деңгейін анықтау. Студенттер өндірістік практикада баяндамаларын қорғау барысында өздері жауапкершілік сезініп, білім алу маңызды екендігіне көз жеткізді.