Аталған конференцияда «Қаржы» мамандығының Ф-329 тобының студенті Аужанов Олжас III дәрежелі диплом иегері атанды.

Конференция ЖОО, колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында офлайн форматында өтті. Конференция бағдарламасы өте мазмұнды болды, оған секциялық отырыстардағы жұмыс қана емес, сонымен қатар Торайғыров университеттің жетекші ғалымдарымен кездесу, факультеттерге экскурсиялар және мастер-класс кірді. Конференция жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

         Олжасқа сәттілік, шығармашылық табыс және жаңа жеңістер тілейміз!