ИнЕУ Екібастұз колледжі облыстың білім Басқармасының қолдауымен ағымдағы оқу жылының 30 наурызында колледж студенттері мен жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында «Білім берудегі инновациялар: проблемалар мен перспективалар» атты I облыстық ғылыми-практикалық қашықтық конференциясын өткізді.

Қазылар алқасының құрамына ұсынылған жұмыстарды бағалау үшін

профессорлар, оқытушылар және өңірдің жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ білім беру саласындағы әлеуметтік серіктестер мен жұмыс берушілер кірді.

«Цифрлық педагогика» секциясы комиссиясының төрайымы: Г.Р. Аспанова – Phd философиясының докторы, «Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ  педагогика Жоғары мектебінің оқытушысы және комиссия мүшелері: А. С. Попандопуло – Phd философиясының докторы, «Торайғыров университеті» КЕАҚ «Тұлғалық даму және білім беру» кафедрасының аға оқытушысы; А.С.  Айтказинова – педагог – зерттеуші, Павлодар облысы білім басқармасы, Екібастұз қаласы білім бөлімінің № 21 ЖОББМ КММ директорының 2 санатты оқу ісі жөніндегі орынбасары.

         «Заманауи сабақ-мәселелер, тәсілдер, шешімдер» секциясы комиссиясының төрайымы: М. Ш. Құнанбаева – педагогика ғылымдарының кандидаты, «Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ педагогика Жоғары мектебінің оқытушысы және комиссия мүшелері: М. Е. Нургалиева- PhD философиясының докторы, «Торайғыров университеті» КЕАҚ «Тұлғалық даму және білім беру» кафедрасының қауымдастырылған профессоры; Г.М. Жунусова – педагог-шебер, Павлодар облысы білім басқармасы, Екібастұз қаласы білім бөлімінің №17 ЖОМ КММ директорының 1 санатты оқу ісі жөніндегі орынбасары».

 «Қазақстандағы көптілді білім берудің мәселелері мен болашағы» секциясы комиссиясының төрайымы: Г. С. Мухамбетова-филология ғылымдарының кандидаты, «Инновациялық Еуразия университеті» ЖШС доценті және комиссия мүшелері: Эртисхан Оморгуль – Павлодар облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар филиалының инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, жаңартылған және деңгейлік бағдарламалар бойынша халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы; Г. А. Тезекбаева – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Павлодар облысы білім басқармасы, Екібастұз қаласы білім бөлімінің №9 ЖОББМ КММ  шет тілі мұғалімі.

Қазылар алқасының шешімі бойынша «Цифрлық педагогика» секциясында І  дәрежелер дипломмен марапатталды: В. Н. Кусаинова, «Павлодар облысы білім бөлімінің Екібастұз қаласының №13 ЖОМ» КММ және Н. Б. Төлеубай,  Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының “Ақсу қара металлургия колледжі”  ШЖҚ КМК; II дәрежелі дипломмен: М.В. Столярова, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ақпараттық технологиялар колледжі» КМК  және А. М. Машур Д. И. Меркельмен бірлескен авторлықта «Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының “Екібастұз политехникалық колледжі” ШЖҚ КМК; III дәрежелі дипломмен: К.И. Суркова  А.С. Сүлейменовамен бірлескен авторлықта «Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз Колледжі» ЖШС және Д.Е. Масагутова, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ақсу қара металлургия колледжі» ШЖҚ КМК.

«Заманауи сабақ — мәселелер, тәсілдер, шешімдер» секциясында I дәрежелі дипломмен марапатталды: Н.А. Амангелді «Қазтұтынуодағы Павлодар экономикалық колледжі» білім беру мекемесі; II дәрежелі дипломмен: М.А. Рахманғазы, «Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз колледжі» ЖШС; III дәрежелі дипломмен: И. Караваева,  «Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз колледжі» ЖШС.

         «Қазақстандағы көптілді білім берудің мәселелері мен перспективалары» секциясында І дәрежелі дипломмен: Д. К. Сартаева, «Инновациялық Еуразия Университетінің Екібастұз колледжі» ЖШС;  II дәрежелі дипломмен: Е.В.  Парфишина, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ақпараттық технологиялар колледжі» ШЖҚ КМК; III дәрежелі дипломмен: Г. Ахметжанова, «Инновациялық Еуразия Университетінің Екібастұз колледжі» ЖШС.

Конференция жеңімпаздарын құттықтаймыз, барлық қатысушылар мен ғылыми жетекшілерге қатысқаны үшін алғыс айтамыз, барлығына сәттілік пен шығармашылық табыс тілейміз!