2022 жылдың 22.04 күні колледжде М.Әуезовтың 125 жылдығын тойлау аясында өзге ұлт өкілдері арасында «Қазақшаңыз қалай?» атты мемлекеттік тілді білу  байқауы өтті. Іс-шараға 1 курс студенттері қатысты. Мақсаты: М.О. Әуезовтің  тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның шығармашылығын насихаттау, рухани мұрасын кеңінен дәріптеу; өзге ұлт өкілдердің мемлекеттік тілді білуге, құрметтеуге баулу, мемлекеттік тілдің қоғамдағы беделін нығайту, абыройын асқақтату. Байқау бірнеше кезеңдерден тұрды: өзін таныстыру, «Өз колледжім – алтын ұям» тақырыбында ауызша әңгімелеу, М.Әуезовтің шығармашылығы бойынша презентация қорғау, сұрақ-жауап және эссе жазу. Студенттер қазақ тілін жақсы деңгейде білетінін көрсете алды. Байқау қорытыныдысы: І орын – Сулиманова Ясмина (ИЯ-121), ІІ орын – Абидова Рагиба (НО-121), ІІІ орын – Тынянова Вероника, Исаев Валентин (ИЯ-121). Жеңістерін құтты болсын!