2022 жылдың 17.03 күні «Шуағын шашқан Әз Наурыз!»

пән апталығы аясында «Наурыз келсе, құт келгені, халайық!» атты мерекелік іс-шара өтті. НО-220 тобының студенттері мерекелік дастарқан әзірлеп, Наурыз мейрамының қөрісу, наурыз көже пісіру, бата беру,  қонақтарды қарсы алу дәстүрлерімен таныстырды. Мерекелік іс-шарада қонақтар би билеп, ән айтып, дәстүрлі ұлт тағамдарынан дәм татып, ізгі тілектерін айтып кетті. Жауапты оқытушы – Жангазина Р.Ш.