«1 наурыз – Алғыс айту» күні қарсаңында колледж қабырғасында «Алғыс айтамын» акциясы өтті. Акцияға колледждің студенттері қатысып, оқытушыларға, колледж қызметкерлеріне, достарына және өз топтарына  ризашылықтарын білдірді. «Алғыс айтамын» жәшігі ашылып, жазылған хаттар өз иесіне табысталды.