ИнЕУ Жоғары Екібастұз колледжі логотипінің сипаттамасы

ИнЕУЖЕК логотипі көгілдір шеңбер фонында орналасқан бейнелеу және сөз элементтерінен тұратын құрамдастырылған болып келеді.
Бейнелеу элементтеріне логотип иесі өзінің білім беру және ғылыми-техникалық қызметтерін көрсету арқылы әрекет етуге ниетті бүкіл әлемдік кеңістікті білдіретін жер шары жатады. Жер шарының фонында оның жоғарғы жағында еркін ұшуды және қосалқы түрде колледждің Павлодар қаласында орналасқандығын білдіретін қалықтаған шағала, ал төменгі жағында – білімнің символы – кітап бейнеленген. Жер шарының орталығына орналастырылған «ИнЕУЖЕК» сөзі жаңадан пайда болған және аббревиатура түрінде, мұндағы әріптік қысқартулар: Ин – «Инновациялық», Е – «Еуразия», У – «Университетінің», Ж – ” Жоғары”, Е – «Екібастұз», К – «Колледжі» дегенді білдіреді. Әріптер стандартты қаріпте курсивпен жазылған.
Жер шарының астында Айша-бибi» және «Қошқар-мүйіз» элементтерінен тұратын, құрамдас қазақ ұлттық оюы салынған. Ою сары түспен салынған.
Шеңбердің шетімен солдан оңға қарай «Инновациялық Еуразия Университетінің Жоғары Екібастұз колледжі» деген жазу сары түспен жазылған, оның дербес құқықтық қорғанысы жоқ.
Логотип элементтері: жер шары, кітап, шағала және «ИнЕУЖЕК» сөзі ақ түспен орындалған, мұнда «ИнЕУЖЕК» сөзіндегі әрбір әріп қосымша сары түсті сызықпен жүргізілген, ал шағала көк түспен жиектелген.
Осыған орай колледж туында бейнеленген ежелгі түркі және қазіргі қазақ тіліндегі «ҚАЗАҚСТАН» жазуының түсі логотиптің түсіне сәйкес келеді.