Жетістіктер
ИнЕУЕК үздік білім берудің белгісі!
Ішкі тексеру (аудит) 2018 жылдың 5-8 қараша аралығында институционалдық және арнайы аккредиттеу шеңберінде өтті. Тексеруді институционалдық және арнайы аккредиттеу стандарты мен талаптарына сәйкес колледж қызметін өзін-өзі бағалауы бойынша ұсынылған есеп негізінде БСҚА құраған сараптама тобы жүргізді.
Интервью кезінде колледж оқытушылары мен студенттердің ұжымдық рухының жоғары деңгейі мен колледж басшылығының болашақ мамандарды даярлауда өте маңызды педагогикалық және психологиялық жағдай қалыптастырып, оның дамуына ерекше ықпал етіп отырғанына назар аударылды.
Сонымен қатар жұмыс оқу бағдарламасын әзірлеу барысында жұмыс берушілердің өтініштері ескеріліп, өндіріспен байланысты қамтамасыз ету, білімді шынайы бағалау мақсатында оқу үрдісіне тәжірибе мамандары тартылады. Колледж оқытушылары мен студенттердің түрлі деңгейдегі оқу-әдістемелік іс-шараларына белсенді қатысу динамикасы байқалады.
«Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі» (IQAA) Аккредиттеу кеңесінің отырыс шешімімен ИнЕУЕК-тің сегіз білім беру бағдарламасы тоғыз біліктілік бойынша аккредиттеуден өтті. Аккредиттеу мерзімі-5 жыл.
Аккредиттеуден өткен білім беру бағдарламалары:
Біздің колледждің барлық оқытушылар құрамы мен студенттерді аккредиттеуден сәтті өтуімізбен құттықтаймын!
Директордың ОІ жөніндегі орынбасары: Б.Спанкулова