Жалпы мәліметтер

Колледж қызметі​

Инновациялық Еуразия Университетінің Жоғары Екібастұз колледжінің қызметі оның миссиясымен, көзқарасымен және стратегиясымен айқындалады. Колледж миссиясы оның түпкі нәтижеге бағытталған қызметінің мағынасын білдіреді, колледж мәртебесін, оның жұмыс принциптерін және басшылықтың ниеттерін жариялайды.

Колледж миссиясы

Еңбек нарығы жағдайында әлеуметтік және кәсіби ұтқырлығы жоғары рухани-адамгершілік қасиеттері бар білікті орта буын мамандарын даярлау

Колледждің болашаққа көзқарасы

Экономиканың барлық салаларында инновациялық технологияларды енгізу жағдайында еңбек нарығының ағымдағы және болашақ қажеттіліктеріне сәйкес келетін ТжКБ жүйесінің жоғары білікті мамандарын даярлау саласындағы өңірдің (Қазақстан Республикасының) алдыңғы қатарлы оқу орны.

Ақпарат

­ИнЕУ Жоғары Екібастұз колледжінің техникалық және кәсіптік білім берудің бағдарламалары бойынша қызметін жүзеге асыру құқығын растайтын 2022 жылғы 27 қыркүйекте шектеусіз мерзімге № KZ56LAA00032658 Павлодар облысы бойынша «Қaзақстан Рecпубликасы Оқу-ағарту министрлігі білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» ММ-мен берілген мемлекеттік лицензиясы бар.
Алғашқы берліген күні:

  • 2007 жылдың 16 тамыз, «Павлодар облысының Білім беру Департаменті» ММ-мен берілген

  • 2010 жылдың 28 мамыр, «Қaзақстан Рecпубликасы Оқу-ағарту министрлігі білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» ММ-мен берілген. Лицензияға 14 мамандық бойынша қосымшалар берілген.

Колледж білім беру қызметін құрылтайшылардың жалпы жиналысының 2018 жылғы 15 мамырдағы хаттамасымен бекітілген білім беру мекемесінің Жарғысының негізінде жүзеге асырады.
Колледждің құрылған жылы -2007 жыл.
2018 жылы колледж 8 мамандық бойынша институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өтті.
2023 жылы «Қазақстан Республикасы  Оқу-ағарту министрлігі  Білім саласында сапаны  қамтамасыз ету комитетінің Павлодар облысының  білім саласында сапаны  қамтамасыз ету департаменті» ММ-нің  2023 жылғы 24 наурыздағы № 137 бұйрығына сәйкес Колледждің білім беру қызметі  Қазақстан Республикасының  мемлекеттік жалпыға білім беру міндетті стандартының талаптарына сәйкестігі есептеліп, аттестатталды. 
Колледждің оқу корпусы Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 23 мекенжайында орналасқан. Оқу корпустын жалпы ауданы 1388,2 ш.м. құрайды, жобалық сыйымдылығы -485 орын.
Тел: 8 (7187)75-43-50; факс:75-44-74, E-mail: info@ekineu.kz
Колледж директоры –  Спанкулова Бакыт Ахметбековна.
Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде, бюджеттік және ақылы негізде жүргізіледі.
2023-2024 оқу жылы 01 қазанында студенттер саны 858 адамды құрайды. Оның ішінде 50%  астам студенттер мемлекеттік тапсырыс бойынша оқиды.
Колледж білім беру саласында қала құраушы кәсіпорындармен және ұйымдармен тығыз байланыста оқу қызметін жүзеге асырады. Колледждің негізгі серіктестері: «Қуат басқармасы » ЖШС, «Қалалық электр желісі» ЖШС, «Екібастұзкоммунсервис» ЖШС, «Б.Нуржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС, КММ «Екібастұз қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі», «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ-нің жалпы білім беретін мектептері мен мектепке дейінгі мекемелері, «Halyk -Life» сақтандыру компаниясы, «Банк Центр Кредит» АҚ филиалы, «Forte bank» АҚ филиалы, Павлодар облысының №2 мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты (Екібастұз қаласы), “Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Павлодар облысының Полиция департаменті Екібастұз қаласының Полиция басқармасы” ММ,  Екібастұз қалалық соты.
2022 жылғы Жұмыс берушілер күніне орай «Қуат басқармасы» ЖШС және «Екібастұзкоммунсерис» ЖШС басшылары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатымен марапатталды.
Колледж он бес жылдан астам уақыттан бері «Білім», «Әлеуметтік ғылымдар және ақпарат», «Кәсіпкерлік, басқару және құқық», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»,  «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» бейіндері бойынша  техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын жүзеге асырып келеді.
Кадрларды дайындауда педагогикалық мамандықтар басым.
Болашақ мамандарды дайындау сапасын қамтамасыз ету мақсатында  колледждің педагогикалық ұжымы үнемі кәсіби шеберліктерін жетілдіріп отырады. Жоғары, бірінші санатты педагог-зерттеуші, педагог-сарапшылардың үлесі ағымдағы жылы 42,8% құрады. 11 оқытушының магистр дәрежесі бар – 19,6%.
Оқыту үдерісіне қаладағы ұйымдар мен мекемелердің мамандары да тартылған.
Білім беру саласында  тұтынушылардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру мақсатында колледжде келесі бөлімшелер құрылған: 8  циклдік әдістемелік комиссия, кітапхана, студенттік кадрлар бөлімі, оқу бөлімі,  түлектерге жұмысқа орналасуға жәрдемдесу Қызметі, медициналық кабинет, психолог кабинеті, бухгалтерия.
Колледж құрылымында кадрларды дайындауға арналған үш бөлім бар: Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш білім беру бөлімі, Негізгі орта білім беру бөлімі, Көп салалы бөлім:

Мамандық коды және атауыБіліктілік коды және атауы
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш білім беру бөлімі
01120100 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту4S01120102 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі
01140100 Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі4S01140101 Бастауыш білім беру мұғалімі
01140600 Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі4S01140605 Шетел тілі мұғалімі
Көп салалы бөлім
04110100 Есеп және аудит3W04110101 Бухгалтер-кассир
4S04110102 Бухгалтер
04120100 Банк және сақтандыру ісі3W04120101 Сақтандыру агенті
4S04120103 Банк операциялары жөніндегі менеджер
04210100 Құқықтану4S04210101 Заңгер
06120200 Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері4S06120202 Ақпараттық қауіпсіздік технигі
Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша)3W07130101 Электромонтер (түрлері және салалары бойынша)
3W07130102 Электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі (түрлері және салалары бойынша)
4S07130103 Техник-электрик
Негізгі орта білім беру бөлімі
01140500 Дене тәрбиесі4S01140501 Дене тәрбиесі мұғалімі
және спорт
01140600 Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі 4S01140601 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
4S01140602 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі
01140700 Информатика4S01140701 Бастауыш және негізгі орта білім берудің информатика мұғалімі
03220100 Кітапхана ісі4S03220101 Кітапханашы

Колледждің барлық мамандықтары бойынша біліктілік талаптарына сәйкес тиісті оқу-материалдық базасы бар.
16 оқу кабинетімен, 2 оқу-өндірістік шеберханасымен, 6 оқу зертханасымен, спорт залымен, асханамен жабдықталған. Бүгінгі таңда колледжде 78 компьютер бар. Барлық компьютерлер интернет желісіне қосылған, оның ішінде 54 компьютерлік техниканы колледж студенттері тікелей пайдаланады.
Жыл сайын оқу үдерісіне  арналған компьютерлер және бағдарламалық қамтамасыз ете жаңартылып, кітапхана электронды оқулықтармен, оқу құралдарымен, оқу кабинеттері интерактивті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде.
Жалпы кітапхана қоры 50 234 дананы құрайды,  оның ішінде қазақ тілінде шыққан –  17693 дана. Оқу қоры – 39242 дана, электронды оқулықтар – 660 дана. Оқу жылының басында 911 дана оқу әдебиеті сатып алынды, оның ішінде 604 дана мемлекеттік тілде.
Оқу кабинеттері мен зертханалардың жабдықталуы 80 пайызды құрайды.
Колледждегі оқу үдерісі дидактикалық талаптарға сай және заманауи оқыту технологиялары, дәстүрлі оқыту әдістерін жетілдіру, оқу үдерісін ақпараттандыру, оқу-әдістемелік құралдар қорын құру және үнемі толықтыру негізінде жүзеге асырылады.
Колледжде студенттік өмір белсенді өтеді. Оқушыларға түрлі іс-шаралар өткізіледі. Студенттеріміз ғылыми-практикалық конференциялардың, олимпиадалардың  қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстардың, колледждер арасындағы спартакиадалардың қатысушылары және жеңімпаздары болып табылады.
Колледж басшылығы мен педагогикалық ұжымы алғашқы жылдардан бастап түрлі оқу, мәдени, спорттық, шығармашылық шаралардың белсенді қатысушысы болуға ұмтылды.
ИНЕУЖЕК   ИнЕУ консорциумының бір бөлігі болып табылады және аймақтағы оқу орындарымен ынтымақтасады.
Шетелдік білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық келісім жасалды:  «Алтай мемлекеттік университеті» федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары оқу орны, Барнаул қ. және  «Сібір аймақтық бизнес мектебі (колледж)» жоғары білім берудің автономды коммерциялық емес кәсіптік білім беру ұйымы, Омск қ. Ресей Федерациясы.
2022-2023 оқу жылында өндірісте (мекемелерде) кәсіби тәжірибеден  өтуді ұйымдастыру үшін колледж келесі кәсіпорындармен және мекемелермен бірлескен іс-шаралар мен ынтымақтастық туралы, оның ішінде кәсіби тәжірибеден   өту туралы келісім-шарттар жасады:
–   «Богатырь-Комир» ЖШС;
–   «Қуат басқармасы» ЖШС;
–    Павлодар облысының №2 мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты (Екібастұз қаласы);
–   Павлодар облысының Полиция департаменті Екібастұз қаласының Полиция басқармасы” ММ;
–   «Halyk -Life» сақтандыру компаниясы;
–   «НСК» сақтандыру компаниясы;
–   First Heartland Jusan Bank АҚ  филиалы;
–   «Еуразиялық банк» АҚ филиалы
–   «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ-нің жалпы білім беретін мектептері №2, 4, 5, 6, 7, 9, 10, 11, 12, 13, 17, 18, 21, 22, 23, 24, 26, 28, 33,
–   «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ-нің мектепке дейінгі мекемелері  №3, 4, 5, 6, 7, 16, 20, 21, 23, 28;
–     Зияткерлік даму орталығы «ОСОБЫЙ ДОМ».
Кәсіби тәжірибе бойынша 38 екіжақты келісімдер жасалды.
Жасалған келісімдер  негізінде кәсіби  тәжірибеден 464 студент өтті, оның ішінде  285 студент  мемлекеттік тапсырыс бойынша.
Осымен қатар студенттердің бастамасымен жеке негізде 2022-2023 оқу жылына 61 жеке келісім-шарт  жасалды.