«Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында ИнЕУ Жоғары Екібастұз колледж
«Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында ИнЕУ Жоғары Екібастұз колледжінің ББ-413 тобының студенті Төлепберген Жанерке Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы туралы өз әсерімен бөлісті.
Бұл туындыда жазушының балалық шағы, отбасы тәрбиесі, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтары көркем бейнеленген. Шығарма оқырманды отбасының қадірін түсінуге, үлкенді құрметтеуге және рухани мұраны бағалауға жетелейді.
📖 Жобаның басты мақсаты – жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және рухани-танымдық дамуына ықпал ету.
Кітап оқитын жас – саналы ұрпақтың негізі!
