Колледжде педагогтерге арналған «Суицидтік мінез-құлық пен буллинг маркерлері» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың мінез-құлқындағы суицидтік қауіп белгілері мен буллинг көріністерін ерте анықтау, қауіп факторларына дер кезінде назар аудару және педагогтердің алдын алу жұмыстары бойынша құзыреттілігін арттыру.
Семинар барысында негізгі қауіп белгілері, күрделі жағдайларда әрекет ету жолдары, білім алушыларға қолдау көрсету және тиісті мамандармен өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды.
Қауіптің алдын алуда дер кезінде байқап, дұрыс әрекет ету – аса маңызды.
