👏 Еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, абыройыңыз асқақтай берсін!
Инновациялық Еуразия университетінің Жоғары Екібастұз колледжі директорының қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары, тәжірибелі педагог Спанкулова Бакыт Ахметбековна Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды! 🇰🇿
Бұл мәртебелі марапат – көпжылдық адал еңбегінің, жоғары кәсіби шеберлігі мен білім беру саласына қосқан елеулі үлесінің лайықты бағасы.
Бакыт Ахметбековна– өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, кәсібіне адал, ұжымда зор құрметке ие білікті маман.
💐 Құрметті Бакыт Ахметбековна! Сізді жоғары марапатыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Зор денсаулық, отбасылық амандық, шығармашылық табыс және кәсіби қызметіңізде толағай жетістіктер тілейміз!
