Екібастұз, Мәшһүр Жүсіп, 23
Бізбен байланысу+7 (7187) 75-43-50
← Барлық жаңалықтар

«Назар аударыңыз, жолда адам!»

2026 жылғы 9–13 ақпан аралығында өтіп жатқан «Назар аударыңыз, жолда адам!» республикалық акциясы аясында Инновациялық Еуразия университетінің Жоғары Екібастұз колледжінде теміржол көлігі нысандарындағы қауіпсіздік мәселелеріне арналған профилактикалық дәріс ұйымдастырылды. Екібастұз қаласы станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Ботин А. С., МГОР басшысының орынбасары Ильялов А. Н. және МГОР күзетшісі Маратов Т. М. қатысты. Дәріс барысында студенттерге теміржол жолдарының маңында қауіпсіздік ережелерін сақтау, белгіленбеген жерден өтпеу, теміржол инфрақұрылымы аумағында тәртіпті бұзбау талаптары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар теміржол аймағы жоғары қауіпті аймақ болып саналатыны және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ерекше атап өтілді.
Мұрағаттық материал

Колледжден нақтылайық

Материалдың атауы сақталған, бірақ сайттың бастапқы көшірмесінде оның мекенжайы көрсетілмеген. Құжатты немесе нұсқаулықты колледж қызметкерлерінен сұрай аласыз.

Колледжбен байланысу

Бұл мұрағаттық файл қолжетімсіз

Құжаттың бар-жоғын колледжден нақтылауға болады. Түпнұсқа материалға сілтеме сақталған.

Байланыс