Екібастұз, Мәшһүр Жүсіп, 23
Бізбен байланысу+7 (7187) 75-43-50
← Барлық жаңалықтар

ҚР Білім және ғылым министрі "Ұлық Ұлыс-Алтын Орда" халықаралық конференциясына қатысты

28 қазан Атырауда «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
Жиын барысында көптеген мазмұнды баяндама жасалды. Ғалымдар Алтын Орданы зерттеудің кеңестік парадигмасы ескіргенін, соңғы жылдары Алтын Орда тарихын зерттеуде нақты серпіліс болғанын айтты.
Сәйкесінше, Алтын Орда тарихы жайлы көптеген тезистер қайта қаралды.
Халықаралық конференция Алтын Орда, сонымен бірге Қазақ хандығының тарихын зерттеуге деген қызығушылық тек ел ішінде ғана емес, сондай-ақ одан тыс жерлерде де артып келе жатқанын көрсетті.
Министрлікке қарасты ғылыми ұйымдар еліміздің көне тарихына үңіліп, сақтар мен ғұндардың, көне түркілердің т.б. дәуіріндегі маңызды кезеңдеріне зерттеу жұмыстарын жалғастырады.
Facebook
Мұрағаттық материал

Колледжден нақтылайық

Материалдың атауы сақталған, бірақ сайттың бастапқы көшірмесінде оның мекенжайы көрсетілмеген. Құжатты немесе нұсқаулықты колледж қызметкерлерінен сұрай аласыз.

Колледжбен байланысу

Бұл мұрағаттық файл қолжетімсіз

Құжаттың бар-жоғын колледжден нақтылауға болады. Түпнұсқа материалға сілтеме сақталған.

Байланыс