Екібастұз, Мәшһүр Жүсіп, 23
Бізбен байланысу+7 (7187) 75-43-50
← Барлық жаңалықтар

«Әлеуметтік серіктестік – сапалы маман даярлаудың қозғаушы күші» атты дөңгелек үстел

2023 жылдың 25 мамыр күні Инновациялық Еуразия Университетінің Жоғары Екібастұз колледжінде әлеуметтік серіктестермен бірлесіп, «Әлеуметтік серіктестік – сапалы  маман даярлаудың қозғаушы күші» атты дөңгелек үстел өтті.              Іс-шараның мақсаты – жұмыс берушілермен қарым-қатынасты нығайту, мамандықтар бойынша білім беру бағдарламасын жетілдіру және жаңарту, дуальды оқыту жүйесін ұйымдастыру, кәсіпорындар мен ұйымдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында білікті, сұранысқа ие кадрларды даярлау.               Дөңгелек үстел жұмысына Екібастұз қаласының түрлі ұйымдары мен кәсіпорындарының өкілдері қатысты.              Дөңгелек үстелдің бірінші бөлімінде қатысушыларға мамандықтар мен колледж қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпарат ұсынылды, кәсіпорындар мен мекемелердің сұранысы бойынша кадрларды мақсатты даярлау мәселелері талқыланды, сонымен қатар 2023-2024 оқу жылына арналған әлеуметтік серіктестермен бірлескен іс-шаралар жоспарланды.             Шараның екінші бөлімінде колледж оқытушылары жұмыс берушілермен бірлесіп, мамандықтар бойынша білім беру бағдарламасын әзірлеу, жетілдіру және жаңарту бойынша ұсыныс пен сұраныстарды ескере отырып, жұмыстарын бастады.             Дөңгелек үстелдің практикалық бөлімінде қаланың мектепке дейінгі ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептердің педагогтері «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» және «Бастауыш білім беру» мамандықтарының студенттеріне мастер-класс өткізді.              Дөңгелек үстелдің қорытынды бөлімінде колледж психологтары әлеуметтік серіктестерге іскери тренинг өткізді, содан кейін колледж әкімшілігі әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық туралы меморандум жобасын ұсынды.  Кездесу соңында барлық қонақтарға алғыс хаттар табысталды.
Мұрағаттық материал

Колледжден нақтылайық

Материалдың атауы сақталған, бірақ сайттың бастапқы көшірмесінде оның мекенжайы көрсетілмеген. Құжатты немесе нұсқаулықты колледж қызметкерлерінен сұрай аласыз.

Колледжбен байланысу

Бұл мұрағаттық файл қолжетімсіз

Құжаттың бар-жоғын колледжден нақтылауға болады. Түпнұсқа материалға сілтеме сақталған.

Байланыс