Екібастұз, Мәшһүр Жүсіп, 23
Бізбен байланысу+7 (7187) 75-43-50
← Барлық жаңалықтар

«Үздік циклдік әдістемелік комиссия» конкурсы

            Ағымдағы жылдың 24 мамырында «Инновациялық Еуразия университеті» ғылыми-білім беру консорциумының бірлескен қызмет жоспары шеңберінде «Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі» КМҚК базасында алғаш рет  «ИнЕУ жоғары Екібастұз колледжі» ЖШС, Павлодар қаласының «ИнЕУ жоғары колледжі» ЖШС және «Қ. Пішенбаев атындағы  Екібастұз тау-кен техникалық колледжі» КМҚК колледждері арасында «Үздік циклдық әдістемелік комиссия» конкурсы өтті, Конкурс мақсаты: педагогтердің ғылыми, әдістемелік және шығармашылық әлеуетін арттыру, инновациялық дамуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау, колледждің циклдік комиссиялары деңгейінде әдістемелік жұмыс тәжірибесін зерделеу және тарату. Байқауға келесі тапсырмалар кірді: ЦӘК визит карточкасы, ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары және әдістемелік өнімдер көрмесі.       Қазылар алқасының құрамына оқу орнының өкілдері, сондай-ақ білім беру саласындағы әлеуметтік серіктестер мен жұмыс берушілер кірді.             Қазылар алқасы мүшелерінің шешімі бойынша I дәрежелі дипломға «Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі» КМҚК педагогтары ие болды. «ИнЕУ жоғары Екібастұз колледжі» ЖШС II дәрежелі дипломы және Павлодар қаласының «ИнЕУ жоғары колледжі» ЖШС III дәрежелі дипломы, сондай-ақ «Новаторы», «Лидеры идей» және «Профессионалы» сияқты түрлі номинациялар берілді. Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз, барлық педагогтерге  қатысқандары үшін алғыс білдіреміз.    Баршаңызға сәттілік және де кәсіби, шығармашылық табыс тілейміз!
Мұрағаттық материал

Колледжден нақтылайық

Материалдың атауы сақталған, бірақ сайттың бастапқы көшірмесінде оның мекенжайы көрсетілмеген. Құжатты немесе нұсқаулықты колледж қызметкерлерінен сұрай аласыз.

Колледжбен байланысу

Бұл мұрағаттық файл қолжетімсіз

Құжаттың бар-жоғын колледжден нақтылауға болады. Түпнұсқа материалға сілтеме сақталған.

Байланыс