Екібастұз, Мәшһүр Жүсіп, 23
Бізбен байланысу+7 (7187) 75-43-50
← Барлық жаңалықтар

"Инновациялық технологиялар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың ана тілін үйренуі"

Екібастұз қаласының білім беру бөлімінің «№1 сәбилер бақшасы даму орталығы» КМҚК  базасында "Тіл тұғырым" жобасы шеңберінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін «Инновациялық технологиялар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың ана тілін үйренуі» тақырыбы бойынша облыстық оқыту семинар-практикумы өтті. Тәжірибелік семинарға директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Л.Е.Хамитова, әдіскер Л.Б. Рашиева, арнайы пәндер оқытушысы А. Т. Фофанова және "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" мамандығының студенттері қатысты. Іс-шараның мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалардың ана тілін үйренуі кезінде инновациялық технологияларды зерделеу бойынша тәжірибені тарату және енгізу. Семинар барысында балабақша тәрбиешілері жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, ұйымдастырылған қызметтің ашық көрсетілімін өткізді.
Мұрағаттық материал

Колледжден нақтылайық

Материалдың атауы сақталған, бірақ сайттың бастапқы көшірмесінде оның мекенжайы көрсетілмеген. Құжатты немесе нұсқаулықты колледж қызметкерлерінен сұрай аласыз.

Колледжбен байланысу

Бұл мұрағаттық файл қолжетімсіз

Құжаттың бар-жоғын колледжден нақтылауға болады. Түпнұсқа материалға сілтеме сақталған.

Байланыс