ИнЕУ спорт пен салауатты өмір салтын қолдайды
Инновациялық Еуразия университетінің 35-жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында үстел теннисінен алғашқы «INEU CUP» турнирі өтті.
Жарыс ИнЕУ консорциумының студенттерін — университет пен екі жоғары колледжінің, соның ішінде Екібастұз қаласындағы колледжінің білім алушыларын біріктірді. 60-қа жуық қатысушы жеңіс үшін тартысқа түсіп, спорттық шеберліктері мен жеңіске деген жігерлерін көрсетті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, медальдар, дипломдар және бағалы сыйлықтар табысталды. Турнирдің жалпы жүлде қоры 100 000 теңгені құрады.
ИнЕУ турнирді ұйымдастыруға қосқан үлесі, ынтымақтастығы және студенттік спортты қолдағаны үшін «Jenimpaz» үстел теннисі клубының директоры Искаков Даулет Адамиевичке ерекше алғыс білдіреді.
«INEU CUP» — университеттің мерейтойлық бағдарламасының бір бөлігі. Жыл соңына дейін білім беру, мәдени және спорттық бағыттағы бірқатар іс-шаралар жалғасады.
Ал ИнЕУ-дің 35-жылдық тарихының қорытындысы желтоқсан айында университеттің серіктестерін, ардагерлері мен студенттерін біріктіретін ауқымды гала-форумында шығарылады.
