«Суды үнемде — болашақты сақта!» экологиялық сағаты.
2026 жылғы 9 қарашада Қазақстан Республикасындағы Швейцарияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Кристин Хонеггер мен ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Салимовтың қатысуымен YouTube арнасы арқылы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы мен «Таза Қазақстан» экологиялық тәрбие бағдарламасы аясында «Су ізі – әр адамның жауапты таңдауы» тақырыбында «Суды үнемде — болашақты сақта!» бірыңғай республикалық экологиялық сағаты өтті.
Іс-шараның мақсаты: студенттердің экологиялық сауаттылығын арттыру, су ресурстарын пайдалануға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, су үнемдеу мәдениетін дамыту және әр адамның қоршаған ортаны сақтауға қосатын жеке үлесін түсіну.
