Екібастұздықтар театрландырылған көріністер байқауында бас жүлдені иеленді!
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында Павлодар облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен студенттер арасында театрландырылған көріністер байқауы өткізілді.
Байқауға 13 команда тіркеліп, оның 11-і өз өнерлерін ортаға салды.
Аталған байқауда Екібастұз қаласының намысын қорғаған Инновациялық Еуразия университетінің Жоғары Екібастұз колледжі студенттерінен құралған команда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды. Сонымен қатар, жеңімпаз командаға 100 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлық табысталды.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз бен бағындырар белестеріңіз көп болсын! Жеңісті жолдарыңыз жалғаса берсін!
