Студенттерді кәсіби даярлаудың және WorldSkills құзыреттерін дамытудың заманауи тәсілдер
2026 жылғы 4 қарашада Инновациялық Еуразия университетінің Жоғары Екібастұз колледжінде «Студенттерді кәсіби даярлаудың және WorldSkills құзыреттерін дамытудың заманауи тәсілдері» тақырыбында педагогикалық кеңестің кезекті №2 отырысы өтті.
Отырыста білім беру сапасын арттыруға, студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және оқу-тәрбие процесін жетілдіруге бағытталған өзекті мәселелер қарастырылды.
Күн тәртібінде алдыңғы педагогикалық кеңес шешімдерінің орындалуы, бірінші курс студенттерінің психологиялық-педагогикалық диагностикасы мен бейімделуі, олардың оқу үлгерімін аралық бақылау нәтижелері талқыланды.
Сонымен қатар студенттерді WorldSkills өңірлік чемпионатына даярлау, 2025–2026 оқу жылы түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіштері және Екібастұз қаласының Мансап орталығымен ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Педагогикалық кеңес аясында білім беру процесінің тиімділігін арттыру және болашақ мамандарды сапалы даярлау бағытындағы жұмыстар талқыланды.
