2026 жылғы 27 қазанда колледжде «Туған қаламның дамуына қосар үлесім»
2026 жылғы 27 қазанда колледжде «Туған қаламның дамуына қосар үлесім» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Кездесудің құрметті қонағы — Екібастұз қаласы білім бөлімінің әдіскері Амерканова Гүлбаршын Александровна болды.
Іс-шара барысында жастардың туған қаланы дамытудағы рөлі, белсенді азаматтық ұстаным, кәсіби өзін-өзі дамыту және ел болашағына деген жауапкершілік мәселелері талқыланды.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Екібастұз қаласының болашағы туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Интерактивті тапсырмалар арқылы әрбір жастың туған қаласының дамуына нақты іс-әрекеттермен үлес қоса алатыны айтылды.
