24 қараша күні УА-126 тобында куратор Галина Петровна Чекурданың жетекшілігімен қауіпсіздік сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында студенттер жастарды есірткі қылмысына тартудың себептері мен тәсілдерін, сондай-ақ оның құқықтық және әлеуметтік салдарын талқылады. Тақырыптық бейнеролик көрсетіліп, есірткіге байланысты қылмыстардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара соңында студенттер «Менің есірткіге қарсы плакатым» тақырыбында шығармашылық тапсырма орындап, өз ұстанымдарын білдірді.
